Елеусінов кәсіпқой боксқа өте ме?

Елеусінов кәсіпқой боксқа өте ме?

Елеусінов кәсіпқой боксқа өте ме?
ашық дереккөзі
Америкалық БАҚ-тар Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксқа өтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Boxing News спорт басылымының мәліметінше, таяу арада Елеусінов АҚШ-қа жол жүріп, ағасы Дәуренмен бірге болады екен. "Қазақстанның Олимпиада чемпионы алтын медальдің бар мүмкіндігін пайдаланбақшы. 25 жастағы жартылай орта салмақтағы боксшы таяу арада Бруклиндегі (Нью-Йорк) ағасы Дәуренге барады және промоутер Лу Ди Беллдың қоластында болады", - деп жазады Boxing News. Естеріңізде болса, Данияр Елеусінов Рио-де-Жанейро Олимпиадасында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен болатын. Турнир финалында ол өзбек боксшысы Шахрам Гаясовты жеңді. Ал осы жеңісінен кейін ол болашақта не істейтіні жайлы шешім шығармағанын мәлімдеген еді. Сол уақытта ол промоутерлерден нақты ұсыныстардың әзірше түспегенін хабарлаған. Айта кетейік, Олимпиада чемпионының 31 жастағы ағасы Дәурен Елеусінов өткен жылы әуесқойлар арасында Қазақстан чемпионы болған, бірақ 2014 жылы кәсіпқой боксқа өткен. Өткізген алты жекпе-жегінің бесеуінде жеңіске жетті (төртеуі нокаутпен), ал тағы бір жекпе-жегін тең аяқтады. Барлық жекпе-жек АҚШ-та өткен.