Жаңалықтар

Төлеби ауданының жолдары 90 пайызға жақсарады

ашық дереккөзі

Төлеби ауданының жолдары 90 пайызға жақсарады

Төлеби ауданында алдағы жылдары 35 ауылдың 205 шақырымдық ауылішілік жолдары жөндеуден өтетін болады. Сондай-ақ 20,8 шақырымдық аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы 70 пайыздан 90 пайызға жеткізілмек. Бұл туралы Төлеби ауданындағы «Бірлік» ЖШС-гі мен «Оңтүстік жолдары» коммуналдық мекемесінің жұмысшыларымен экспромт кездесуде Nur Otan партиясы атынан Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әли Әмірәлиев мәлім етті. Кездесу барысында үміткер жұмысшыларды бас партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. – Nur Otan партиясы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Бірінші Мамыр, Қасқасу, Қаратөбе, Алатау, Момынай, Абай, Сұлтан Рабат ауылдарындағы 44 шақырымдық жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етпек. Бұл өз кезегінде ауданымызға келетін туристер ағынының артуына, қарым-қатынастың қалыпты жағдайда болуына өз әсерін тигізетін болады. Бір жағынан сіздер секілді инфрақұрылымдық жұмыстарды жүргізетін мекемелерге үлкен қолдау деп білемін, – деді Әли Әмірәлиев. «Бірлік» ЖШС мердігер мекемесі мен «Оңтүстік жолдары» МКК ұжымы Төлеби ауданының инфрақұрылымын дамытуға, аудандық маңызы бар және ауылішілік тас жолдардың асфальттануына ерекше үлес қосып келеді. Қос ұжымның қызметкерлері еліміздің бас париясының ұстанымдарын қолдайтындарын жеткізді. Алдағы 10 қаңтар күнгі сайлауда бірауыздан бас партияға дауыс беретіндектерін айтты. Мұнан соң үміткер «Есіктен есікке» акциясы аясында Төлеби ауданы Алатау ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылының тұрғыны Әжімұрат Үйсінбаевтың ұйытқы болуымен ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларды аралап шықты. Кездесуде Настя Кополова, Ортан Қарабеков, Дүйсенбай Әлмешов, Бауыржан Шахизадаға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үнпарақтарды таратып берді. Nur Otan партиясы ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Халықты әлеуметтік қолдау – Nur Otan партиясының негізгі бағыттарының бірі. Осының айғағы ретінде өткен жылдың наурыз айында кірісін уақытша жоғалтқан 24 270, сәуір айында 12 108, шілде айында 18 102 азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлемдер төленген болатын. Сондай-ақ 11 364 аз қамтамасыз етілген отбасыларға Biz birgemiz қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілді.

Материал Nur Otan партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.