ҚХП: Балалар спортына қолдау көрсету тетігін кеңейту қажет
ҚХП: Балалар спортына қолдау көрсету тетігін кеңейту қажет
5 қаңтарда Ақтөбеде Қазақстан Халық партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ирина Смирнова өңірдің білім беру саласындағы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
- Қазақстан Халық партиясы сапалы білімді қолдайды. Жоғары білім тегін болуға тиіс деп санайды. Біз білім саласын қауіпсіз мемлекеттің негізі ретінде қарастырып отырмыз. Сондай-ақ ол қазіргі ақпараттық қоғамдағы тұлғалық дамудың тірегі болмақ. Білім беру - мемлекеттің жүйе құраушы институты. Сапалы әрі қолжетімді білімге салынған қаржы - елдің адами капиталына құйылған инвестиция, - деді Ирина Смирнова.