ҚХП: Балалар спортына қолдау көрсету тетігін кеңейту қажет

ҚХП: Балалар спортына қолдау көрсету тетігін кеңейту қажет

ҚХП: Балалар спортына қолдау көрсету тетігін кеңейту қажет
ашық дереккөзі
5 қаңтарда Ақтөбеде Қазақстан Халық партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ирина Смирнова өңірдің білім беру саласындағы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
- Қазақстан Халық партиясы сапалы білімді қолдайды. Жоғары білім тегін болуға тиіс деп санайды. Біз білім саласын қауіпсіз мемлекеттің негізі ретінде қарастырып отырмыз. Сондай-ақ ол қазіргі ақпараттық қоғамдағы тұлғалық дамудың тірегі болмақ. Білім беру - мемлекеттің жүйе құраушы институты. Сапалы әрі қолжетімді білімге салынған қаржы - елдің адами капиталына құйылған инвестиция, - деді Ирина Смирнова.  width= Оның айтуынша, білім саласындағы проблемаларды шешу кез келген мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. ҚХП мүшесі Халық партиясы балалар инфрақұрылымын дамыту, балалар демалысын ұйымдастыру және сауықтыру бағытында заң жобаларына бастамашы болуға әзір екенін айтты. - Біз қауіпсіз әрі қайырымды балалар ортасын құрғымыз келеді. Балалар спортын дамытып, мәдени-сауық ұйымдарын ілгерілету, қазақстандық балалардың денсаулығы мен шығармашылық әлеуетіне мемлекеттік қолдау көрсету тетігін кеңейту міндеті тұр. Бұл болашақ үшін керек. Біздің партия мемлекет балаларды қосымша спорттық секциялармен және түрлі үйірмелермен қамтуға кепіл болуы керек деп есептейді. Ол жылына 200 сағаттан кем болмауы тиіс. Бұл талап облыс және қала әкімдерінің жұмысын бағалаудағы негізгі көрсеткішке айналуы керек, - деді кандидат. ҚХП ұстаздарды заңнамалық тұрғыдан ғана емес, материалдық жағынан да қолдауға бейілді. - Мемлекет ұстаздарға лайықты жалақы төлеп, үздік педагогтарға қаржылық өтемақы мен арнайы төлемдер қарастыруы қажет, - деді Ирина Смирнова. Шара ҚХП-ның сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды. Ирина Смирнова партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды