Головкин Лондонда ашық жаттығу өткізді

Головкин Лондонда ашық жаттығу өткізді

Головкин Лондонда ашық жаттығу өткізді
ашық дереккөзі
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы ағылшын Келл Брукпен жекпе-жегінің қарсаңында Лондонда ашық жаттығу өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ринг Лондондағы көшелердің бірінде құрылды. Бұл қазақстандық боксшының ағылшын көрерменінің алдына тұңғыш рет шығуы. Спорт порталының мәліметінше, шараға жүздеген адам қатысып, Головкиннің дайындық сәтін сурет пен видеоға түсірген. Сондай-ақ, бұл жанкүйерлерге GGG бренді қойылған күнқағар берілді.  Геннадий Головкин алдағы жекпе-жек туралы "Мен 12 кезеңге дайынмын және шаршы алаңда көше төбелесін ұйымдастыруға да дайынмын. Маған тартысты жекпе-жектер ұнайды, көше төбелестері де ұнайды, - деді қазақстандық боксшы. Естеріңізде болса, Головкин - Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады. Брук кездесуге бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінде жұртты таңғалдыратынын айтқан. Ол сонымен қатар орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша чемпионға қарсы кездесуге бар күшін салатынын мәлімдеген.