ҚХП өкілдері қазақтың даңқты ұлын еске алды

ҚХП өкілдері қазақтың даңқты ұлын еске алды

ҚХП өкілдері қазақтың даңқты ұлын еске алды
ашық дереккөзі
ҚХП-ның Шымкент қаласы бойынша сайлауалды штабының белсенділері Қажымұқан Мұңайтпасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Ол француз күресінен әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ. Сондай-ақ ол ауыр салмақ бойынша классикалық күрестен әлемдік, ресейлік, өңірлік, жалпыодақтық чемпионаттарда бірнеше рет топ жарған. Елуден астам жоғары марапат пен медаль алған. Осының бәрі оны әлемге әйгілі балуан екенін айғақтайды. YUKOVozlCvetov Қажымұқан – қазақ халқының мақтанышы. Оның таланты Отанға және жерлестеріне деген шынайы махаббатпен үйлескен. Мансабын аяқтағаннан кейін ол қалалар мен ауылдарды аралап, күш жаттығуларын көрсетіп, спортты таңдаған жігіттерге батасын берген. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қ.Мұңайтпасов өз қаражатына ұшаққа тапсырыс беріп, оны майданға тапсырғаны белгілі. Қажымұқан өмірінің соңғы жылдарын қазіргі Түркістан облысының Темірлан ауылында өткізді. Бұл ауылда ұлы балуанның мұражайы ашылды.