«Есіктен есікке»: Жамбылдық үміткерлер 155 мыңға жуық тұрғын үйді аралады

«Есіктен есікке»: Жамбылдық үміткерлер 155 мыңға жуық тұрғын үйді аралады

«Есіктен есікке»: Жамбылдық үміткерлер 155 мыңға жуық тұрғын үйді аралады
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутатығына кандидаттар жүргізген сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Жамбыл облысының барлық 371 елді мекенін толық қамтыды. 7 басым бағыттан тұратын бас партияның сайлауалды бағдарламасымен 607 мың сайлаушы таныстырылды. Бұл мәліметтер «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаевтың қатысуымен өткен баспасөз брифингінде айтылды. «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутатығына кандидаттар бекітілген желілік кестелерге сәйкес бүгінгі күнге дейін 3000 аса шараға қатысты. Одан бөлек «Есіктен есікке» акциясы аясында кандидаттар 154 925 тұрғын үйде болды. Біздің кандидаттар облыстағы тұрғын үйлердің 78 пайызын қамтыды. Сол сияқты канвассинг форматында 357 кездесу, экспромт форматында 255 кездесу өтті. 583 шара онлайн форматта ұйымдастырылды. Облыстық және аумақтық сайлауалды штабтары жанынан қоғамдық қабылдау бөлмелері қызметат қаруда. Кандидаттар мен штаб мүшелерінің қабылдау кестелері бекітілген. Бүгінге дейін кандидаттар 309 қоғамдық қабылдау өткізіп, оған 1218 өтініш түскен. Оның ішінде Орталық аппараттың нұсқауына сәйкес 365 ұсыныс-тілек аманат ретінде тізімге алынды. Одан бөлек облыс бойынша 60 орынға билборд ілінді. 390 043 дана үгіт материалы таратылды. Бұл жұмыстарға  облыс бойынша 701 жас белсенді жұмылдырылды. Бекітілген медиа жоспар аясында дәстүрлі БАҚ пен интернет сайтта 2650 материал жарық көрді, – деді Балабек Жанбекұлы. Брифинг соңында «NurOtan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.  

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.