Бұландының берекесі – бірлік пен еңбек
Бұландының берекесі – бірлік пен еңбек
Бұланды аудандық мәслихат депутаттығына Nur Otan партиясынан үміткер, азаматтық ұстанымы жоғары, әрі сауатты да талапшыл басшы Клара Тұңғышқызы Мендібаеваны аудан тұрғындарының басым көпшілігі таниды. Ол ауданның ауыл шаруашылық саласының «ХПП Арна» атты ірі кәсіпорнының басшысы болғанынан қана емес, қоғамдық бастамалардың тұрақты қолдаушысы және қатысушысы ретінде көбірек танымал.
Клара Тұңғышқызы аудандағы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көңіл аударып келеді. Жыл сайын мейірімділікке толы акциялар мен іс-шараларды ұйымдастырып, ерекше жандарға тамаша көңіл мен қуаныш сыйлауда. Соғыс және еңбек ардагерлері, тағдырдың жазуымен мемлекет қарауында қалған қариялар, мүмкіндігі шектеулі балалар мен Ауған соғысындағы әскери борышын атқарған жауынгерлердің жесірлері «ХПП Арна» ЖШС-гінің үнемі қамқорлығында. Клара Тұңғышқызы аталған кісілердің әрқайсысына өзі жеке бара алмаса да, серіктестіктің өкілдерін жіберіп, айтулы мерекелердің қарсанында құттықтап, сыйлық пен жылы ниетпен бір қуантады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Nur Otan партиясының белсенді мүшесі ретінде Клара Мендібаева өзі басқарып отырған астық қабылдау кәсіпорын аясында бастауыш партия ұйымын құруға шешім қабылдап, партия қатарына мекеменің 24 жұмыскері мүшелікке кіріп, қазіргі таңда өзіне жүктелген қоғамдық міндеттерді ойдағыдай атқарып жүр. Нұротандықтар уақытылы партиялық жарнаны төлеп, партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарды орындап, бастауыш ұйым болып партиялық жиналыстар өткізеді.