Бұландының берекесі – бірлік пен еңбек

Бұландының берекесі – бірлік пен еңбек

Бұландының берекесі – бірлік пен еңбек
ашық дереккөзі
Бұланды аудандық мәслихат депутаттығына Nur Otan партиясынан үміткер, азаматтық ұстанымы жоғары, әрі сауатты да талапшыл басшы Клара Тұңғышқызы Мендібаеваны аудан тұрғындарының басым көпшілігі таниды. Ол ауданның ауыл шаруашылық саласының «ХПП Арна» атты ірі кәсіпорнының басшысы болғанынан қана емес, қоғамдық бастамалардың тұрақты қолдаушысы және қатысушысы ретінде көбірек танымал. Клара Тұңғышқызы аудандағы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көңіл аударып келеді. Жыл сайын мейірімділікке толы акциялар мен іс-шараларды ұйымдастырып, ерекше жандарға тамаша көңіл мен қуаныш сыйлауда. Соғыс және еңбек ардагерлері, тағдырдың жазуымен мемлекет қарауында қалған қариялар, мүмкіндігі шектеулі балалар мен Ауған соғысындағы әскери борышын атқарған жауынгерлердің жесірлері «ХПП Арна» ЖШС-гінің үнемі қамқорлығында. Клара Тұңғышқызы аталған кісілердің әрқайсысына өзі жеке бара алмаса да, серіктестіктің өкілдерін жіберіп, айтулы мерекелердің қарсанында құттықтап, сыйлық пен жылы ниетпен бір қуантады. Осыдан бірнеше жыл бұрын Nur Otan партиясының белсенді мүшесі ретінде Клара Мендібаева өзі басқарып отырған астық қабылдау кәсіпорын аясында бастауыш партия ұйымын құруға шешім қабылдап, партия қатарына мекеменің 24 жұмыскері мүшелікке кіріп, қазіргі таңда өзіне жүктелген қоғамдық міндеттерді ойдағыдай атқарып жүр. Нұротандықтар уақытылы партиялық жарнаны төлеп, партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарды орындап, бастауыш ұйым болып партиялық жиналыстар өткізеді.  width= Клара Тұңғышқызын аудандық мәслихатқа депутат етіп ұсыну кандидаттың осы уақытқа дейін жасаған нақты істерінің және ауданның әлеуметтік-экономикалық өміріне бей-жай еместігінің нәтижесі. Аудандық іскер әйелдерінің қауымдастығын басқарған кезде Клара Тұңғышқызы біршене рет қайырымдылық акция ұйымдастырып, олардан түскен қаражатты көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсеткен еді. Сондай-ақ, оны ауданның болашағы қатты толғандырады, себебі шешімін күтіп отырған мәселе аз емес, ал оларды сатылап шешу үшін бюджеттік қолдау мен кәсіби көзқарас қажет. Бір сөзбен айтқанда, Клара Мендібаева сынды тұлғалардың өмірлік ұстанымы мен мәселелерді шешуге деген ынтасы мен жігеріне қарағанда, Nur Otan-ның беделі асқақтап, сенім артпақ, себебі мықты партияның қатарында осындай жан-жақты, бәсекеге қабілетті, білімді азаматтар болғаны абзал. –  Менің өмірдегі жетістіктерім – адал еңбек пен табандылықтың нәтижесі, - дейді өз сөзінде Клара Тұңғышқызы. – Ешқашан марапат қуған емеспін, оған қарағанда мен үшін басқа нәрселер маңыздырақ. Мәселен, біруге аз да болса көмегім тисе, біреудің көптен бері шешілмей жүрген мәселесіне үлес қоссам. Бүгін біз дамып келе жатқан мемлекетте өмір сүріп келеміз, басты байлығымыз – тыныштық пен тұрақтылық. Осыны біз бағалауымыз қажет. Ал Nur Otan партиясын еліміздің басты саяси күші деп білемін, өйткені, партияның беделі нақты істермен мен жылдар бойындағы жемісті жұмысымен дәлелденген. Nur Otan – халықтың болашағын ойлайтын партия! Жұмыстағы уақыт тапшылығына қарамастан кандидат сайлаушылармен кездесіп, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдаламасымен таныстыруда. Клара Тұңғышқызы Nur Otan партиясы алдына қойған барлық міндеттерді орындайтынына нық сенімді, ол үшін халықтың сенімі де тәжірибе де мол.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.