Nur Otan Cарыағаш ауданын су мен газбен толық қамтамасыз етуді көздеп отыр

Nur Otan Cарыағаш ауданын су мен газбен толық қамтамасыз етуді көздеп отыр

Nur Otan Cарыағаш ауданын су мен газбен толық қамтамасыз етуді көздеп отыр
ашық дереккөзі
Nur Otan  партиясы Сарыағаш ауданында лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Осыған байланысты 2025 жылға дейін жеке инвестициялардың есебінен жаңа 10 өңдеу өнеркәсібі іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейі 2 пайызға дейін төмендейді. Бұл туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында елдімекендерді аралап, тұрғындармен кездескен Түркістан облыстық маслихатының депутаттығына үміткер Алмас Салимов мәлімдеді. Кандидат насихат жұмысын Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн қоғамдық қабылдау өткізуден бастады. Ол тікелей эфирде партияның сайлауалды бағдарламасын көпшілікке таныстырып, Nur Otan-ға дауыс беруге шақырды. Сондай-ақ, тұрғындардың тарапынан қойылған біршама сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары сауда орындары мен кәсіпорындарда және бірнеше ауылдарда жалғасын тапты. Азаматтарды толғандырған мәселенің дені инфрақұрылым бағытында болды. Осыған байланысты партия мүшесі алдағы атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.
«Қазіргі таңда, аудандағы 71 ауылдың 36-сы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес, алдағы 5 жылда қалған елдімекендерге кезең-кезеңімен су жеткізіп, қамту деңгейі 100 пайыз орындалатын болады. Сондай-ақ көгілдір отынмен де толық қамтылады. Бүгінгі күні халықтың 50,7 пайызына газ жеткізілген. Одан бөлек, аудандағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 96,4 пайызға дейін артады. Демек, халықтың өмір сүру сапасы бұрынғыдан әлдеқайда жақсара түсетін болады. Қорыта айтқанда, осындай ауқымды жобаларға ықпал етуге ниет танытып отырған нақты істердің партиясы «Nur Otan»-ға дауыс беруге баршаңызды шақырамын», – деді А.Салимов.
Сондай-ақ партия мүшесі Жібек жолы, Жемісті, Ақжар, Жылға, Шеңгелді, Дарбаза ауылдық округіне қарасты бірқатар елдімекендерде болып, ондағы өзекті мәселелермен де танысты. Тұрғындарды көбірек толғандыратын мәселе ауыл шаруашылығына қатысты проблемалар. А.Салимов партияның бағдарламасында аудандағы ирригациялық ағын су жүйелерін қалпына келтіру мақсатында 500 шақырымнан астам су арналары күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары көрсетілгенін айтты. Сондай-ақ ауыл шаруашылық техникаларын жаңартып, жалпы 6 мың бастық мал бордақылау алаңдарын салу жоспарланған. Айта кетейік, партияның бүгінге дейін және алдағы жоспарымен танысып шыққан ауыл азаматтары ауданды дамытуға бағытталған жұмыстарға мұрындық болып отырған Nur Otan-ға дауыс беріп, қолдау білдіретіндерін жеткізді. NUR OTAN ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗ!
 Материал Nur Otan партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.