Nur Otan екібастұздықтардың мұң-мұқтажына құлақ түрді
Nur Otan екібастұздықтардың мұң-мұқтажына құлақ түрді
Естеріңізге саламыз, Екібастұз өңіріндегі сайлауалды науқанға Nur Otan партиясынан 43 үміткер қатысып жатыр, соның ішінде 32-і – қалалық мәслихатқа, 11-і – облыстық мәслихатқа.
- Қазіргі сайлауалды науқан жаңа форматта өтіп жатыр, - дейді қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Татьяна Шмидт. – Бұл – біз үшін жаңа жоба. Мұндай форматтың ерекшелігі, үміткерлер өзі туралы емес, партия жұмысы, сайлауалды бағдарламасындағы оның мақсаты мен міндеті жайлы көбірек әңгімелейді.
Nur Otan партиясынан үміткерлер сайлаушылармен кездесуде бастысы, екібастұздықтардың мұң-мұқтажына құлақ түреді. Елде айтатын мәселе жетерлік. Сайлаушылар бағаның құрық бермес асаудай күннен-күнге шарықтап бара жатқанына наразы. Сонымен бірге, коммуникация тораптарының тозығы жеткендігі, жас мамандардың өзіне лайықты жұмыс таба алмай отырғаны, медициналық қызмет көрсету түрлерінің сапасыздығы, Екібастұз өңірінде экологияның нашарлап бара жатқандығы – бәрі сайлаушыларды алаңдатады.
Тағы бір өзекті мәселе – тұрғын үй және өзге де проблеманы шешу үшін салымшыларға зейнетақы жинағының белгілі бір бөлігін шешуге мүмкіндік беріліп отырғаны.
- Біз депутаттыққа үміткерлермен кездесулерде осы мәселелерді шешуге олардың да бар жан-тәнін салып кіріскендерін қалаймыз, - дейді екібастұздықтар, - Nur Otan партиясы өзін нақты істерді шешумен айналысатын партия ретінде көрсетіп жүр. Ендеше біздің талап-тілегіміз ескеріліп, оң шешімін табады деп сенеміз.
Екібастұз өңірінде кәмелеттік жасқа толғандарды есептегенде 100 мыңнан астам сайлаушы тұрады. Олардың жас ерекшеліктері мен мамандықтары да әрқилы: ауылдықтар, қалалықтар, жастар, ардагерлер, жұмысшылар, зиялы қауым өкілдері.
Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі
Ақысы Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының қаржысынан төленді.
Тапсырыс беруші: Нияз Құдайбергенұлы Макраев