Екібастұздық кандидат ата кәсіпті қолға алған шаруаға бағыт-бағдар берді
Екібастұздық кандидат ата кәсіпті қолға алған шаруаға бағыт-бағдар берді
Екібастұз өңірінде мал шаруашылығына бет бұрғандар саны жылдан жылға артып келеді. «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Манат Алғамбаров бұл жолғы сапарында Екібастұз ауылдық округіне қарайтын Тай ауылындағы шаруа Халел Шаяхметтің қыстауында болып, қыстақтың қалай өтіп жатқанымен танысты.
Халел Шаяхмет Тай ауылына биыл жаз Нұр Сұлтан қаласы іргесіндегі Қоянды ауылынан көшіп келіпті. Атакәсіппен шұғылдануды мақсат еткен ол ескі мал қораны жөндеуден өткізіп, 35 ірі қара мен 300 қой сатып алыпты.