Екібастұздық кандидат ата кәсіпті қолға алған шаруаға бағыт-бағдар берді

Екібастұз өңірінде мал шаруашылығына бет бұрғандар саны жылдан жылға артып келеді. «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Манат Алғамбаров бұл жолғы сапарында Екібастұз ауылдық округіне қарайтын Тай ауылындағы шаруа Халел Шаяхметтің қыстауында болып, қыстақтың қалай өтіп жатқанымен танысты.

Халел Шаяхмет Тай ауылына биыл жаз Нұр Сұлтан қаласы іргесіндегі Қоянды ауылынан көшіп келіпті. Атакәсіппен шұғылдануды мақсат еткен ол ескі мал қораны жөндеуден өткізіп, 35 ірі қара мен 300 қой сатып алыпты.

ire 0413

«Табыс» шаруа қожалығының иесі, тәжірибесі мол Манат Қажыбекұлы іске енді кіріскен Халелге ақыл-кеңесін беріп, негізі асыл тұқымды мал өсірудің пайдасы мол екенін айтты. Сонымен қатар, оған «Табыс» шаруа қожалығында  болып, мал күтімі қалай ұйымдастырылатынын өз көзімен көруді ұсынды.

Айта кетерлігі, Халел Шаяхмет алдағы уақытта «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алып,  тағы 250 қой сатып алмақшы екен. Үміткер Манат Алғамбаров Тай ауылының жаңа тұрғынына табыс тілеп, мемлекеттің шаруаларға жасап отырған қолдауы зор екенін атап өтті.

 «Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының

қаржысынан төленді.

 

Back to top button