Кейкі батырдың бассүйегі елге қайтарылады

Кейкі батырдың бассүйегі елге қайтарылады

Кейкі батырдың бассүйегі елге қайтарылады
ашық дереккөзі
Санкт-Петербургтегі Кунсткамерада ұзақ уақыт сақталған Кейкі батырдың бассүйегі жақын күндері Қазақстанға қайтарылады. Қуанышты хабар ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ресейдің Мәдениет министрі Владимир Мединскийдің Мәскеу қаласындағы кездесуінде белгілі болды,  - деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. Бұған дейін Кенесары хан мен Кейкі батырдың бассүйегін елге қайтару туралы өтінішін Премьер-министр К.Мәсімов Ресей Премьер-министрі Д.Медведевтен өтінгені жайында "Түркістан" газеті жазған болатын. Қазақстандық тарихшылар Петербургтегі музейде Кейкі батырдан өзге, қазақтың тағы жеті батырының бассүйегі сақталып тұрғанын айтады. Оларды да елге қайтару жоспары қойылып отыр. Кезінде "бандит" атымен басы алынған батырлардың бассүйегін елге қайтару, әсіресе Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының басын рәсімге сай жерлеу ұлттың парызы. «Бұл бассүйектердің қазақ халқы үшін, қазақ тарихы үшін аса маңызды екенін ескере отырып, олардың ендігі тағдыры не болатынын ойластыруды ғалымдырымызға мұқит тапсырдық», - дейді Ресейдің Мәдениет министрі. Арыстанбек Мұхамедиұлы бассүйектің алдағы екі апта ішінде Қазақстанға қайтарылатынын айтты. «Венгр ғалымдарымен келіссөздер жүргіздік. Олар бассүйектің Кейкі батырға тиесілі екендігін ДНҚ арқылы сараптап жатыр», - дейді  ҚР Мәдениет және спорт министрі.