Nur Otan: Түркістан облысында ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты ұлғаяды

Nur Otan: Түркістан облысында ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты ұлғаяды

Nur Otan: Түркістан облысында ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты ұлғаяды
ашық дереккөзі

Nur Otan партиясы ауыл шаруашылығын дамытуға, ауылдардың еңсесін тіктеуге басымдық беріп отыр. Бұл туралы жетекші партия атынан Түркістан облыстық мәслихатына үміткер Ғабиден Қапалбаев Бәйдібек ауданының орталығы – Шаян елдімекеніндегі кездесуде айтты.

Кездесуде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ш.Жамалбеков, Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы», «Зейнеткер» газетінің бас редакторы С.Тұржан, Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы» Бәйдібек ауданы мәслихатының депутаты Б.Қалаубай және «Algabas» газетінің бас редакторы А.Әділбеков сөз сөйлеп, Nur Otan партиясының жетістіктері, алға қойған мақсаттары туралы айтып, жиынға келген үміткерлерге сәттілік тілей отыра, сайлаушыларды Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды. экспорт Бәйдібек ауданы бойынша Nur Otan партиясының сайлауалды штабының төрағасы Т.Дүйсенбеков, партияның сайлауалды бағдарламасының дамудың жеті басымдығы жайлы және Бәйдібек ауданы бойынша Nur Otan партиясының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарта түсуге жағдай жасау, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салатынын айтып өтті. Ғабиден Қапалбаевтың айтуынша, Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Бұл ретте Nur Otan партиясы ауылдарды дамытуға айрықша мән беріп отыр. Партия бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,3 есе, АӨК өнімінің экспорты 2 есе ұлғайып, өңделген өнімнің үлесі 70%-ке жеткізіледі. Бұл ретте Түркістан облысы фермерлері өнімдерінің де экспорты артпақ. Біз өзімізді елімізде өндіретін негізгі азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етеміз. 3500-ден астам ауыл жаңғыртылады, әрбір тірек ауылға дейін 27 мың шақырым жергілікті жолдар жөнделіп, олардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ке жеткізіледі. Жыл сайын ауылдарда инженерлік желілермен қамтамасыз етілген жеке тұрғын үй салу үшін 22 мың жер телімі бөлінеді. Қала және ауыл халқының 100%-і сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізеді. 2025 жылға қарай халқы 900 мыңнан астам адамды құрайтын 246 ауыл газбен қамтылады. Халықтың 99%-і жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.