Биыл Ақтауда 6 көппәтерлі үй пайдалануға беріледі

«Nur Otan» партиясының Ақтау қалалық сайлау штабының мүшелері «Ақтау электр желілері басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ұжымымен кездесті.

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасымен «Ақтау электр желілері басқармасы» қызметкерлерін қалалық мәслихат депутатына кандидаттар Ерген Сыражанов пен Ғани Әбдісадықов таныстырды. Олар өңір мен қаланы дамыту бағдарламасының міндеттері мен мақсаттары, басты басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып, жұмысшылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуде қатысушылар абаттандыру, көгалдандыру, тарифтерді көтеру, жолдардың сапасы және т.б. мәселелер көтерілді.

Партия азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайтынын атап өтті. Бұл бағытта қаланы дамыту және абаттандыру тұжырымдамасы аясында жұмыстар жалғасатын болады.

Ақтауда қатты тұрмыстық қалдықтар шығару бойынша арнайы қоқыс тасушытехникаларсаны артады. Барлық елдімекендерде қоқыстарды сорттайтын, яғни бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылады. Қаланың жаңа шағын аудандарының орталық көшелеріне жыл сайын жасыл желектер отырғызу жоспарланған. 2025 жылға қарай ұзындығы 10 шақырым тамшылатып суару желісін аяқтау жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Ақтауда 36 мыңға жуық отбасы тұрады және қалада мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары тиімді жүзеге асырылуда. 2025 жылға қарай кезекте тұрған мұқтаж отбасыларды жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. 2021 жылы 19а және 33 шағын аудандарда 655 пәтерлі 6 көппәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, 18 шағын ауданда 9 қабатты төрт тұрғын үйдің құрылысы басталады.

2021-2025 жылдары қаланың 13 шағын ауданы спорт, балалар алаңдарымен, жолдарды жөндеумен, бордюрлармен, тротуарлармен, тұрақ аймақтарымен абаттандырылады.

Халық қалаулысы болуға кандидаттар сондай-ақ Ақтауда қаланың жаңа шағын аудандарында инженерлік желілерді жаңғырту және салу және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету басым бағыттар болып табылатынын атап өтті. Ол үшін партия облыс орталығындағы сумен жабдықтау желілерінің 6,6 шақырымын, жылумен жабдықтау желілерінің 6,8 шақырымын, су бұру желілерінің 2,5 шақырымын қайта жаңғыртуға қол жеткізетін болады. 2025 жылға дейін жалпы ұзындығы 238,7 км жаңа шағынаудандарда инженерлік инфрақұрылым салу жоспарланған.

Осы шараларды іске асыру нәтижесінде Ақтау қаласының 70 мыңнан астам тұрғыны үшін жайлы өмір сүру жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қоры қаражатынан төленді

 

 

 

Back to top button