Әлемдегі ең бай адамдардың бірі жоғалып кетті
Әлемдегі ең бай адамдардың бірі жоғалып кетті
Қытайдағы ірі бизнес империяларының бірі - Alibaba-ның негізін қалаушы, әлемдегі ең бай азаматтарының бірі Джек Ма екі айдан астам уақыт бойы ел алдына шықпады. Шанхайда сөйлеген сөзінде Қытай мемлекеттік банктері мен экономикалық реттеушілерді сынға алып, оларды ломбардтарға теңеген миллиардер содан кейін жұрт көзіне түспеген. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.
Өз кезегінде Independent басылымы Джек Ма "Африканың бизнес кейіпкерлері" телешоуының финалына қатыспағанын жазды. Онда өздерінің кәсіпкерлік идеяларын жүзеге асыру үшін Джек Ма қорының 1,5 миллион долларлық қолдауына ие болған 10 қатысушы анықталған болатын. Миллиардердің қазылар алқасындағы орнына Alibaba-ның тағы бір құрылтайшысы Люси Пэн отырды.
"Кестедегі қиындықтарға байланысты Ма мырза бұдан былай Africa 's Business Heroes финалының төрешісі бола алмады", - деді Alibaba өкілі басылым тілшілеріне.
Журналистер сонымен бірге Джек Маның әлеуметтік желілердегі белсенділікті күрт төмендеткенін атап өтті. Оның Twitter-дегі жеке аккаунтында соңғы жарияланым 10 қазанда, қайырымдылық ұйымының аккаунтында 30 қарашада жарық көрді. Бұған дейін кәсіпкер, журналистер байқағандай, күніне бірнеше твит жариялайтын.
The Wall Street Journal мәліметтері бойынша, ҚХР билігі Alibaba Group қаржылық бөлімшесі - Ant Group-ты бөлуге мәжбүр етіп, Ма бизнесін бақылауды күшейтуге ниетті.
"Бизнесті бөлшектеген жағдайда мемлекет, мысалы, бөлінген компаниялардың бірін сатып ала алады, осылайша мемлекеттің қатысу деңгейін арттырып, өзінің қадағалауын күшейтеді", - деп есептейді сарапшылар.