Жаңалықтар

Қай өңірлерде аяз күшейетіні белгілі болды

ашық дереккөзі

Қай өңірлерде аяз күшейетіні белгілі болды

«Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 5-і күнгі ауа райы болжамын жария етті. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан территориясында ауа райы өзгермейді, яғни бүгін Солтүстік антициклон жотасының ықпалынан еліміздің басым бөлігінде аяз болады, жауын-шашын болмайды. Тек республиканың солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарның кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді. Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз болады, Алматы облысының слтүстігінде өте қатты аяз сақталады.