УЕФА Қазақстанда туған футболшыны 50 жас үздіктің қатарына енгізді

УЕФА Қазақстанда туған футболшыны 50 жас үздіктің қатарына енгізді

УЕФА Қазақстанда туған футболшыны 50 жас үздіктің қатарына енгізді
ашық дереккөзі
Қазақстанда дүниеге келген 17 жастағы Равиль Тагир УЕФА (Еуропа футбол қауымдастығының кеңесі) нұсқасы бойынша 50 жас футболшының рейтингіне кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Равиль Жамбыл облысында туған. 2010 жылы отбасымен тарихи отаны Түркияға көшіп кеткен. Сол жақта 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына қабылданған.
Қазанда 2019\2020 маусымдағы түрік суперлигасын жеңген "Ыстамбұл Башакшехирге" ауысты. Келісім 3 жылға жасалған. Оған дейін "Алтынорду" құрамында ойнады. Transfermarkt дерегіне қарағанда футболшы 2,5 миллион еуроға келісім жасаған. Футболшының нарықтағы қазіргі бағасы үш миллион еуро деп бағаланып отыр. Осы маусымда Тагир "Ыстамбұл Башакшехир" үшін бір ойын өткізді. Команда 21 клубтың ішінде 16 ұпаймен 16-орында тұр. Барлығы 15 матч өткізді.