Жаңалықтар

BBC Ninety One тобы туралы жазды

BBC Ninety One тобы туралы жазды

Телеарна жазбасында топ карьерасы басталғанда сырт келбеті үшін сынға алынғанымен, қазір халықаралық аренада танымал екені айтылған. Сондай-ақ топты Оңтүстік Кореяда пайда болған К-рор жанрында ән айтатындай қабылдауға болатынын, бірақ олай емес, олардың жанры - Qazaq pop немесе Q-pop екенін атап өтті.

Ninety One немесе "91" тобы - 2015 жылдың 1 қыркүйегінде сахнаға шыққан қазақстандық бойзбенд. Оның құрамында ALEM (Батырхан Мәліков), ACE (Азамат Ашмақын), ZaQ (Дулат Мұхаметқалиев) және BALA (Данияр Кулумшин) бар. Айта кетейік, 2020 жылдың 5 тамызында A.Z. (Азамат Зенкаев) топтан шықты. Топ продюсері - ORDA тобының әншісі Ерболат Беделхан.