Екібастұз: Халықтың әл-ауқатын арттыру басты назарға алынбақ

Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттайтын «Есіктен — есікке» акциясын жалғастыруда. Үйме-үйді аралау барысында үміткерлер партияның алдағы бес жылға бағытталған жоспарларымен бөлісіп, үнпарақтар таратты.

Кандидаттар Нияз Макраев, Бөгенбай Татаев, Бақытжан Екпінтай Қоянды ауылы тұрғындарының шаңырақтарына барды. Олар Nur Otan партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында қаланы дамытудың 7 басым бағытын — Экономикалық тұрақты аймақ, Қолайлы аймақ, Әлеуметтік-бағытталған аймақ, Жастар үшін аймақ, Бай тарихы мен мәдениеті бар аймақ, Ашық және есеп беретін жергілікті органдар, Қауіпсіз аймақ айқындағанын және бұл бағдарлама халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

«Есіктен — есікке» акциясы аясында кандидат Далида Сиваракша 19-шағын ауданның бірнеше үйіне кіріп шықты. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстарын жүргізді.

Акцияға белсенді қатысушылардың бірі — қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Серік Макаров. Қалалықтардың үйін аралап, насихат жұмыстарын жүргізу барысында ол әртүрлі санаттағы адамдармен — жастармен, аға буын өкілдерімен, жұмыссыздармен кездесті. Олардың арасында сайлауға алғаш рет қатысқалы отырған сайлаушылар да болды.

Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі
Ақысы Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының қаржысынан төленді.
Тапсырыс беруші: Нияз Құдайбергенұлы Макраев
Back to top button