Шымкентте бір апта ішінде бейнекамераның көмегімен 7 қылмыс ашылды

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамераның көмегімен 7 қылмыс ашылды

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамераның көмегімен 7 қылмыс ашылды
ашық дереккөзі
2020 жылғы 28 желтоқсан – 2021 жылғы 3 қаңтар аралығында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7 528 қоңырау келіп түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.  Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен жеті қылмыс ашылды. Сондай-ақ 900 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда қоқыс тастаудың 19 дерегі, қоғамдық орындарда мас күйде болудың 35 дерегі, қоғамдық орындарда тиісудің 25 дерегі, жол қозғалысы ережелерін бұзудың 665 дерегі, басқа да 156 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.