Ұлан ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 80 жас маман жұмыспен қамтылмақ

Ұлан ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 80 жас маман жұмыспен қамтылмақ

Ұлан ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 80 жас маман жұмыспен қамтылмақ
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясынан Шығыс Қазақстан облыстық маслихат депутаттығына кандидат Абраимова Еркежан Мұратханқызы Ұлан ауданы Бестерек ауылдық округінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында үміткер жұртшылыққа Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын толыққанды түсіндіріп, алдағы жылда іске асырылатын негізгі жобалармен таныстырып өтті. Өз сөзінде ол партияның негізгі мақсаттарының бірі – халықтың әл-ауқатын жақсартып, мұқтаж жандарды қолдау екендігін атап өтті. - Коронавирус пандемиясы басталғалы бері қиындыққа тап болған отбасыларға біршама көмек көрсетілді. Атап айтсақ, Ұлан ауданында 7257 адамға азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтар беріліп, «Biz birgemiz» акциясы аясында 618 адам 50 000 теңгеден алды. Экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес өкілдері де назардан тыс қалған жоқ. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде 10 жоба іске асты, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға қатысты – 9 жоба, тамақ өнеркәсібі бойынша – 1 жоба, - деді Еркежан Абраимова. Оның айтуынша, ауданда жастарды қолдау мақсатында бірқатар шаралар жоспарланған. 2025 жылға дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша кемінде білікті 80 жас маман тартылып, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын кемінде 10 грант беріліп отырады. - Біздің партия сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Сондықтан 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамыз. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!, - деді кандидат.
Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлау қорынан төленді