-45 градус аяз: ШҚО-да жолда қалып кеткен 15 жүргізуші құтқарылды

-45 градус аяз: ШҚО-да жолда қалып кеткен 15 жүргізуші құтқарылды

-45 градус аяз: ШҚО-да жолда қалып кеткен 15 жүргізуші құтқарылды
ашық дереккөзі
ШҚО-да көлігінде жанармайы қатып қалған 15 жүргізуші құтқарылды. Жүргізушілер Павлодар облысына қарай бағыт алған. Shacman маркалы жеті көліктің дизель отыны суықтан қатып қалған, 15 адам аязда қозғала алмаған. «Олар Курчатов қаласының құтқарушыларына сағат 02.10 минутта хабарласқан. Құтқарушылар келіп, 15 азаматты жылыну пунктіне жеткізді. Жергілікті атқарушы органдар тамақ әкелді», – деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер. ШҚО-да бірнеше күннен бері минус 42-45 градусқа дейін аяз болып тұр. ТЖД мамандары аймақ тұрғындарынан алыс жолға шықпауды сұрады.