Жаңалықтар

Қырғызстан шекара күзетін күшейтті

ашық дереккөзі

Қырғызстан шекара күзетін күшейтті

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі елде шекара бекеттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр деп мәлімдеді аталған мекеменің баспасөз қызметі. Мұндай шаралар республикада екінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өтуіне және ТМД елдері мемлекет басшыларының саммиті қарсаңында жүргізіліп жатыр делінеді. Қырғыз-өзбек шекара бекетінде 3 қыркүйектен бастап Қырғызстан және Өзбекстан азаматтарын өткізуге уақытша шектеу қойылған. Бірақ елдеріне қайтып жатқан Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары шекарадан еш кедергісіз өтеді. Үшінші елдің азаматты үшін, дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдардың өкілдері үшін қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасынан өту белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.