Тиімсіз мемлекеттік бағдарламаларды қысқарту қажет – ҚХП

Тиімсіз мемлекеттік бағдарламаларды қысқарту қажет – ҚХП

Тиімсіз мемлекеттік бағдарламаларды қысқарту қажет – ҚХП
ашық дереккөзі
Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының үгіт-насихат жоспарына сәйкес, Шетпе ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Оған ауыл кәсіпкерлері, түрлі сала қызметкерлері қатысты.  Жиналған сайлаушылар үгіт-насихат тобы мен ҚХП атынан депутаттыққа кандидаттарды жылы қарсы алып, партия бағдарламасын оң қабылдады. Кездесуде Мәжіліс депутаттығына кандидат Роза Махамбетова ауыл тұрғындарын партияның сайлауалды бағдарламасында ұсынылған он бастамасымен таныстырды. Ел дамуының жаңа өзегі ретінде әлеуметтік мемлекет құру, жағдайға байланысты экономикалық стратегияны өзгерту, Үкімет жұмысының ашықтығын және оның түпкілікті нәтижеге бағдарлануын қамтамасыз ету – Қазақстанға қажет және халық үміт артып отырған өзгерістер. Сайлаушылар зейнет жасын төмендету, зейнетақы қорының ашықтығын қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселелерін шешу, білім мен медицинаны сапалы әрі тегін ету, халықтың рухани ұлттық мұрасын сақтау секілді бағдарлама тармақтарына қолдау білдірді. «Мемлекет азаматтардың барлық санатын қолдау үшін нақты жүйелі іс-қимыл жүргізуге тиіс. Біздің партия тиімсіз мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды қысқартуды қолдайды. Сондықтан мемлекеттік аппаратқа реформа жүргізіп, шенеуніктер санын қысқарту маңызды. Біз, Қазақстан Халық партиясы, қарапайым адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісін жалғастыру үшін Парламентке барамыз», – деп түйіндеді сөзін Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Роза Махамбетова.