Білім беру жүйесі: ауыл балалары үшін заманауи мектеп-интернаттарды қайта құру қажет

Білім беру жүйесі: ауыл балалары үшін заманауи мектеп-интернаттарды қайта құру қажет

Білім беру жүйесі: ауыл балалары үшін заманауи мектеп-интернаттарды қайта құру қажет
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар білім беру жүйесіндегі проблемаларды талқылады. Дөңгелек үстел онлайн режимде өтті. Спикерлер – ҚХП атынан депутаттыққа кандидаттар Олжас Сыздықов пен Ислам Сұңқар өзекті тақырыптарды қозғады: білім сапасы мен қолжетімділігі, өңірлік университеттер құру, оқулықтарды цифрландыру, мектеп оқушыларын тәрбиелейтін отбасылар үшін жеңілдетілген интернет қосу. «Мемлекет сапалы және қолжетімді білімге инвестиция салу ең алдымен еліміздің адами капиталына қаржы құю екенін түсінуі керек. Біздің партия білім беру саласындағы проблемаларды шешу бойынша нақты жоспар әзірледі. Ол бүгінгі таңда кез келген заманауи мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі», – деп атап өтті Олжас Сыздықов. Қазақстан Халық партиясының мүшелері еліміздегі оқу еліміздің барлық азаматтарына қолжетімді болуы тиіс деп санайды. «Кәсіптік-техникалық оқуға жаңа серпін беру, олардың жанындағы кешкі мектептерді қайта құру, бюджеттен мүмкіндігінше стипендия төлеуді қарастыру қажет деп санаймыз. Мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындар студенттерге базалық жалақы төлей отырып, оларды бос орындарға және уақытша практикаға қабылдауға міндетті», – деп пікір білдірді Ислам Сұңқар. Халық партиясының мүшелері халықтың көші-қоны мен өңірлердің дамуына байланысты мемлекет өңірлік университеттер құруы тиіс екенін атап өтті. Қалалардағы ауыл балалары үшін заманауи инфрақұрылымы бар мектеп-интернаттарды қайта құру қажет. «ҚХП қажеті шамалы жоғары оқу орындарының санын қысқарта отырып, оқыту сапасын арттыруды жоспарлап отыр. Бюджет қаражаты есебінен гранттық оқыту бойынша басым мамандықтарды анықтау мәселесінде тәртіп орнату өте маңызды», – деп мәлімдеді кандидаттар.