«Диплом болса да, жұмыс табу оңай емес»: сайлаушылар өзекті мәселе көтерді

ADAL партиясынан депутаттыққа үміткер Алина Асқарова Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесулердің бірі «Ақнек» сүт зауытында өтті.

Кандидат партия өз бағдарламасында неге талпынып жатқанын айтып, тұрғындардың проблемалық мәселелерін тыңдады. Сондай-ақ ол партияның пайдалы қызметтері туралы айтты.

Жалпы, жиналысқа қатысушылар партияның басым бағыттарын қолдай отырып, өздерін толғандыратын өзекті мәселелерді де айтты.

«Қазір дипломың болса да, жұмыс табу оңай емес. Барлық жерде таныс керек. Кейде тіпті жұмыс беруші білікті адамды жалдай алмайды, өйткені «жоғарыдан» оған «басқа адамды аласың» деген нұсқау беріліп қойған», – дейді Ақтау қаласының тұрғыны.

Жиынға қатысушылардың бір тобы әйелдер үш жылға дейін декреттік демалыста болса да, Қазақстанда бала күтімі бойынша төлемдер тек бір жылға төленетіндігіне наразы екенін айтты.

Сондай-ақ, тұрғындар кәсіптік бағдар беруді мектептерде оқыту керек деген ұсыныс айтты.

Алина Асқарова бұл ұсыныстармен келісіп, мәселелерді шешу үшін партия мен тұрғындар арасындағы ынтымақтастықтың жалғасуын тіледі.

Алина Асқарованың басқа кездесулері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту орталығында және Аналар үйінде өтті.

Кездесуге қатысушылар партиядан елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған аналарға психологиялық қолдау көрсету жағдайларын жақсартуға көмектесуін сұрады. Сондай-ақ, олар жалғызбасты аналарға әлеуметтік қамсыздандыруда көбірек көмек қажет екенін айтты. Кездесуге қатысушылар атап өткендей, әйелдерді құқықтық мәселелер бойынша оқыту қажет, өйткені олардың көпшілігі өз құқығын білмегені үшін көп нәрсенің құрбаны болып кетуде.

Депутаттыққа үміткер барлық мәселе ескерілетінін айтты.

 

Back to top button