Халықтың 88 пайызы биылғы сайлаудан хабардар – зерттеу нәтижесі

Қазақстанда 10 қаңтар күні Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы өтеді. Сайлауалды үгіт-насихат науқаны былтыр 10 желтоқсанда басталған болатын. Еуразиялық интеграция институты көпшіліктің пікірін білу үшін сайлау қатысты сауалнама жүргізді. Зерттеу нәтижесінде, халықтың 88 пайызы сайлау туралы хабардар екені белгілі болды.

Оның ішінде, сауалнамаға қатысқандардың 64,2% сайлаудың нақты өтетін уақыты 2021 жылдың 10 қаңтары екенінен хабардар екенін айтқан. 23,8%-ы сайлаудың биыл өтетінін ғана біледі. Қазақстандықтардың 7,7%-ы сайлау туралы бірінші рет естіген. 4,3%-ы алдағы сайлаудың нақты күні өтетінін айта алмаған.

Бір айға жуық уақыт ішінде сайлау туралы хабардар ету көрсеткіші 9,1%-ға өсті.

«ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутатының келесі сайлауы қашан өтетінін білесіз бе? Егер білсеңіз, қай жылы, қай айда, қай күні өтетінін айтып бере аласыз ба?» деген сауалға респонденттердің 67,2% сайлау өтетін күнді білетінін айтқан.

сайлау

«Сіз 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутатының сайлауына қатысасыз ба, жоқ па?» деген сауалға: Сауалнамаға қатысқандардың 19,1%-ы сайлауға қатыспайтынын немесе бармайтынын айтқан. 13,7%-ы нақты жауап беруге қиналған.

сайлау

Бұл салыстырмалы түрде қарағанда сайлауға қатысушылардың үлесі бұрынғы парламенттік сайлауға қарағанда 14,5%-ға өскенін көрсетеді.

Сауалнамаға қатысқандардың 10,9%-ы (әрбір оныншы респондент – ред.) соңғы аптада туған-туыс, достарымен, әріптестерімен алдағы парламенттік сайлауды жиі талқылағанын, қазақстандықтардың 31,4%-ын сайлау туралы сирек талқылағанын айтқан.

«Соңғы аптада сіз 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутатының сайлауын туған-туыс, достарыңызбен, әріптестеріңізбен талқыладыңыз ба немесе талқыламадыңыз ба? Егер талқыласаңыз, қаншалықты жиі талқыладыңыз?»

сайлау

Зерттеу нәтижесінде қазақстандықтардың 75,2%-ы Nur Otan партиясына дауыс беруге әзір екенін, «Ақ жолға» – 6,3%, Қазақстанның халықтық партиясына – 6,1%, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 4,7%, ADAL партиясына 3,5%-ы дауыс беретінін айтқан. Қазақстандықтардың 4,2%-ы сұраққа жауап беруге қиналған.

«Егер дауыс беру келесі жексенбіде өтетін болса, қай партияға дауыс берер едіңіз? (сайлауға баратын 817 адам (яғни, 67,2%)

сайлау

Нәтижеге қарап, 18 жастан асқан қазақстандықтардың жартысынан көбін сайлау науқаны туралы хабардар деп айтуға болады. Олар туыстарымен, достарымен, әріптестерімен сайлау туралы талқылаған деп айтуға толықтай негіз бар.

Сауалнама нәтижесінде, Парламенттік сайлауға қатысуға ниет білдіргендердің қатары айтарлықтай өскенін байқауға болады.

Айта кетерлік жайт, қазақстандықтар басқа партиялармен салыстырғанда Nur Otan партиясынан үміткерлер үгіт-насихат кезінде белсенді екенін жиі байқаған.

Еуразиялық интеграция институты зерттеуді Internet Portal Nur («Нұр интернет порталы») тапсырысы бойынша 2020 жылы 21-25 желтоқсан аралығында жүргізді. 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындарын қамтыды.
Back to top button