Путин Самарқанға барады
Путин Самарқанға барады
Ресей президенті Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың басына тағзым ету үшін Самарқанға барады. Бұл жөнінде ресей лидері дүйсенбі күні Қытайда өткен «Үлкен жиырмалық» саммитінің қорытындысы жөнінде журналистерге хабарлаған кезде айтты.
«Ертең міндетті түрде жолда соғып, тағзым етемін деп ойлаймын», - деді Владимир Путин. Ол сонымен бірге Ресей мен Өзбекстанның қарым-қатынасы болашақта да дами беретініне сенім білдіретінін жеткізді.
«Мен Ислам Абдуғаниевичтің Ресей мен Өзбекстанның тұрақты қарым-қатынасы үшін жасап кеткен істері әрі қарай да сақталып, жалғасын табады дегенге сенемін. Ислам Каримов Өзбекстанды тәуелсіз ел ретінде аяғынан тік тұрғызу үшін өте көп еңбек сіңірді, оның жасаған істерінің бағасы беріледі деп ойлаймын», - деп атап өтті РФ президенті.