Ипотеканы субсидиялау жүйесін сайлаушылар әлеуметтік әділеттік деп бағалады

Ипотеканы субсидиялау жүйесін сайлаушылар әлеуметтік әділеттік деп бағалады

Ипотеканы субсидиялау жүйесін сайлаушылар әлеуметтік әділеттік деп бағалады
ашық дереккөзі
«Ақ жол» партиясы ұсынған жас отбасыларға арналған ипотеканы субсидиялау жүйесін сайлаушылар әлеуметтік әділеттік деп бағалады. Әңгіме барысында тұрғындар жас отбасыларға арналған ипотекалық бағдарламаның жоқтығын атап өтті. Сондықтан партия ұсынған жас отбасылар үшін ипотекалық несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүйесінің әр баланың туылуына қарай 25% пайыздық мөлшерін жабуы – әлеуметтік әділдік деп бағалады. «Бүгінде үкіметтік бағдарламалар көпбалалы отбасыларға бағытталған. Бірақ ешқандай отбасы бірден үлкен болмайды. Жастарды әрбір кезекті баланың дүниеге келуіне кезең-кезеңімен ынталандыру керек. «Ақ жол» партиясы 2012 жылдан бері мынадай ұсыныс жасап келеді: 1 бала туған кезде 25%-ға және одан әрі әрбір келесі баланың туу кезінде ұлғайтатын болса, онда екінші бала туған кезде мемлекет ипотеканың 50% субсидиялайды, ал 4-бала туған кезде мұндай отбасы ипотеканы 0% дейін төмендете отырып, көп балалы отбасылар санатына ауыстырылады» – деп атап өтті Д.Еспаева.