Жастар «Ауыл алға» флешмобын өткізді

«Ауыл» партиясының жастар қанаты Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Алмас Мұхаметовтың қатысуымен «Ауыл алға» флешмобын өткізді.

Партияның жас белсенділері Алматы қаласындағы Республика Сарайы алдындағы «Абай» алаңына жиналып, ерекше қойылым жасады.

Іс-шара барысында Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Алмас Мұхаметов жиналғандарға «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген жастарды қолдау шаралары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, «Ауыл» партиясының жастарды қолдау жөніндегі бастамалары терең және жүйелі өзгерістерді көздейді. Себебі қазіргі ауыл жастарының алдында тұрған негізгі мәселе – экономикалық дербестік. Бұған ауылда тұратын жастардың айтарлықтай бөлігінің төмен табысы мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі әсер тетуде. Жастар отбасылық бюджетті қолдаудың қосымша көзін іздеуге мәжбүр, ал 90 пайызында қосымша табыс көзі жоқ. Ол бүгінде ауыл жастарын қолдаудың қосымша тетіктері қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, партия «Ауыл» партиясының бастамалары жастар үшін ең өзекті мәселелерді шешуге бағытталғанын айтты: сапалы ауыз судың тапшылығы, жолдың жай-күйі, медициналық қызмет көрсету проблемалары, бос уақытты тиімді өткізу мекемелерінің жетіспеуі немесе қолжетімсіздігі, байланыс пен интернет сапасының төмендігі.

Back to top button