Алматы облысында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Алматы облысында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Алматы облысында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
ашық дереккөзі
«ҚазАвтоЖолдың» Алматы облысындағы филиалы бүгін сағат 10:30-да таратқан хабарламаға сәйкес, қатты боран салдарынан жолда ештеңе көрінбеуіне байланысты Үшарал – Достық (Көктума ауылы – Достық станциясы, 84-184-ші шақырым) республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қатты бораннан жол көрінбей қалған. Бұған дейін Қазақстанда аяз күшейетінін хабарлаған болатынбыз.