Мұғалімдердің орташа жалақысын 200 мың теңгеге дейін көтеру керек

Мұғалімдердің орташа жалақысын 200 мың теңгеге дейін көтеру керек

Мұғалімдердің орташа жалақысын 200 мың теңгеге дейін көтеру керек
ашық дереккөзі
ADAL партиясының мүшелері Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында кездесу өтті. Қатысушылар мұғалімдердің жалақысын көтеру, халықтың әлеуметтік осал санаттарына баспана алу үшін жақсы жағдай жасау керегін алға тартты. Мәжіліс депутаттығына үміткер Алина Асқарова мұғалімдердің орташа жалақысын 200 мың теңгеге дейін көтеру, халықтың осал топтарын тұрғын үй сертификаттарымен қамтамасыз ету партияның маңызды міндеті екенін айтты. Сонымен қатар, шараға қатысушылар партиядан азық-түлік бағасының өсуін тежеп, білім сапасын арттыруға көп көңіл бөлуді сұрады. Алина Асқарова барлық өзекті мәселе партияның бақылауында болады деп сендірді.