Солтүстік Қазақстан облысында агротуризмді дамыту мәселелері талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысында агротуризмді дамыту мәселелері талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысында агротуризмді дамыту мәселелері талқыланды
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Мәжілісі және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаттығына бір топ кандидат Айыртау ауданының Имантау ауылында болып, Имантау-Шалқар курорттық аймағының ұжымымен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – партияның ауылдағы ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін дамыту, бұқаралық спорт пен агротуризмді дамыту жөніндегі бастамаларын түсіндіру. Бұл кешен «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасында туризмді дамыту бойынша 10 басым жобаның қатарына кірді. Кандидат Төлеутай Рақымбеков атап өткендей, 2020 жылдың басынан бері коронавирус пандемиясына байланысты туризмнің сыртқы бағыты іс жүзінде тоқтап қалды және бұл жағдай қазақстандық туристер ағынын ішкі курорттарға қайта бағыттауға, отандық туристік саланы дамытуға бірегей мүмкіндік береді. Партия бағдарламасында ауылшаруашылығы емес бизнес түрлерін дамыту бойынша шаралар қарастырылған, олар нарықты қонақ үй қызметтерін ұсыну, демалыс нысандарын салу және фермерлерді агротуризммен айналысуға ынталандыру сияқты қосымша қызметтермен «нығайтуды» көздейді. Соңғысы өте перспективалы болып көрінеді. Т.Рақымбековтың пікірінше, Шығыс Еуропаның бірқатар елінде ұлттық мәдениет пен тұрмысты сақтау үшін агротуризм нысандары жұмыс істейді. Олар спорттық демалыс қызметі мен жергілікті жердің табиғи, мәдени-тарихи және басқа да ресурстарын пайдалануға бағытталған ауылдық инфрақұрылым элементтерін біріктіреді. Үгіт-насихат жұмыстарының соңында cалауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кандидаттар өзара шаңғы тебуден жарыс ұйымдастырды.