Жоғары оқу орындарын қаланың шетіне көшіру жоспарлануда

Өзбекстан Республикасы Экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрлігі Министрлер кабинетінің 2020-2025 жылдарда ірі қалаларды дамыту жөніндегі бағдарламаны талқылауға ұсынды.

ӨзА агенттігінің мәліметінше, онда 2020-2025 жылдары ірі қалалардағы қала құрылысының негізгі тұжырымдамалық бағыты көрсетілген. Сондай-ақ ірі қалалардағы урбанизация процестерін одан әрі дамыту халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін жақсартуға көмектесетіні жайлы айтылған.

Атап айтқанда, «Студенттер қалашығын» қалыптастыру үшін жұмыс істеп тұрған университеттерді ірі қалалардың шетіне көшіру және сол жерде жаңа жоғары оқу орындарын салу бойынша шаралар қабылдау жоспарлануда.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін (МБМ) қайта жөндеуден өткізу және халықтың өсу қарқынын ескере отырып, оларды болашақта жаңа МБМ-мен қамту жоспарлануда.

Back to top button