«Ақ жол» партиясының «Пошта жәшігі» акциясы өтті

«Ақ жол» партиясының «Пошта жәшігі» акциясы өтті

«Ақ жол» партиясының «Пошта жәшігі» акциясы өтті
ашық дереккөзі

«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «Пошта жәшігі» акциясын өткізуде. Акция барысында еріктілер мен партия белсенділері тұрғындар арасында үгіт-насихат жүргізуде.

Олар «Ақ жолдың» үгіт-насихат материалдарын сайлаушылардың есігіне дейін жеткізіп, буклеттерді пошта жәшігіне қалдырады.

«Партияның үгіт-насихат жұмысы қызу жүріп жатыр. Штаб мүшелері барлық аймақта іс-шара өткізуде, кәсіпорындардың, жоғары оқу орындарының еңбек ұжымымен кездесуде, қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейді», – деп атап өтті Республикалық штаб басшысының орынбасары, Мәжіліс депутаттығына үміткер Айгүл Жұмабаева.

Кандидаттардың айтуынша, кез келген науқанның міндеті – мүмкіндігінше көп сайлаушыларды қамту, «Түбегейлі өзгеріс қажет» сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін қазақстандықтарға жеткізу.

«Ақ жолдың» астаналық филиалы «Пошта жәшігі» акциясын өткізді, ол республиканың барлық аймағында жалғасын табады.

«Үгіт-насихаттық буклеттерде партияның сайлауалды бағдарламасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі негізгі ережелері қысқаша баяндалған. Жастар арасынан үгіт-насихат топтары әр тұрғын үшін үгіт-насихат парақшаларын жеткізу мақсатында тұрғын үйлерді үнемі аралап тұрады. «Ақжолдықтар» қазақстандықтардың әр есігі мен әр пошта жәшігіне қол жеткізуге тырысады», – деді партияның Нұр-Сұлтан филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Асқар Смағұлов.