Павлодарда аяз күшейіп, көлік қозғалысына шектеу қойылды

Павлодарда аяз күшейіп, – 39 градусқа дейін жетті, – деп жазды Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 3 қаңтар күні ауа райы температурасының төмендеуіне байланысты (қатты аяз -39 градусқа дейін) республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолда дизель және қоғамдық көліктің түрлеріне қозғалыс жабылатыны туралы ескертті.

«Қатты аязда далаға шықпауыңызды және қатты отынды пайдалану кезінде абай болуды, сонымен қатар, суықта жылытқыш электр құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігін сақтауды, кәмелетке толмаған балаларды жалғыз қалдырмауды сұраймыз. Өзіңізді және жақыныңызды қорғаңыз», – деді департаменттен.

Back to top button