Сайлау: Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы қабылданды

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің Мәжіліс пен мәслихатқа депутаттарды сайлау күні туралы қаулысы қабылданды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтуынша, қаулыда сайлау процесінің эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде бірқатар талап көзделеді:

  • кіреберісте термометрлер арқылы температураны өлшеу;
  • сайлаушылар үшін қозғалыс бағыты бойынша қашық белгілері мен көрсеткіштердің болуы;
  • сайлау комиссиясы жұмысының барлық кезеңі ішінде әрбір 3 сағат сайын ауысыммен барлық комиссия мүшесінің маска режимін сақтауы;
  • қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлердің болуы;
  • жиһаз бен техникалық жабдықты бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр қашықта орналастыру;
  • кемінде 1,5-2 метр қашықтықта әлеуметтік қашықты сақтау;
  • жоғары дене температурасы (37 градустан жоғары) анықталған жағдайда адамдарды оқшаулау үшін жеке үй-жайдың болуы).

«Сайлау учаскелерінде тұрақты болатын адамдарға қойылатын талаптар – сайлау комиссиясының мүшелері, жоғары және орташа қауіп аймағындағы байқаушылар мен сенім білдірілген адамдар. Бүгінгі таңда қызыл аймақта бір өңір – Атырау облысы, сары аймақта – 6 өңір (Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары, Алматы және Нұр-сұлтан қалалары) бар, олар 5-9 қаңтар аралығында тексеріліп, ПТР-тестінің теріс нәтижесі болуы тиіс», – дедi Цой.

Сайлаушыларға қойылатын талаптар:

  • сайлау учаскесіне барған кезде бір реттік медициналық немесе қорғаныс маскасын және антисептикті қолданыңыз;
  • үйде емделуіне байланысты оқшаулау режимі тағайындалған немесе коронавирус инфекциясына байланысты карантиндегі дауыс беруге қатысушылар сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру туралы өтініш берген кезде сайлау комиссиясының мүшесіне бұл туралы хабарлауы керек.
Back to top button