Атырауда 43 адам сушиден уланған – тағам сатқан дәмхана жабылды

Атырауда 43 адам сушиден уланған – тағам сатқан дәмхана жабылды

Атырауда 43 адам сушиден уланған – тағам сатқан дәмхана жабылды
ашық дереккөзі
Атырау облысының Жылыой ауданында сушиден 43 адам уланды. Қазір ауруханада 9 науқас жатыр. Бұған дейін Жылыой аудандық орталық ауруханасына 16 адам түсіп, кейін 29 адамның уланған, оның 21-і емделіп жатыр, бір күннен соң тағы 8 адам уланланды. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 28-30 желтоқсанда Жылыой аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне «Тағамдық токсикоинфекция» диагнозымен 43 науқас келген. Науқастардың бәрі «Три Самурая» дәмханасынан тапсырыспен алдырған сушиді жеген соң дәрігерлерге шағымданған. «Аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 38 науқас емделді. Ал 5 науқас өз қалауымен амбулаторлық ем алуға жіберілді. Қазір жұқпалы аурулар бөлімінде сушиден уланғандардан 9 науқас қалды. Бұлардың жағдайы жақсарып келеді. Ал басқа науқастар денсаулығының түзелуіне байланысты ауруханадан шығарылды. Сушиден уланған науқастармен қарым-қатынаста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды» – деді Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, тұрғындарға суши сатқан «Три самурая» дәмханасы жабылған. Ал, Жылыой аудандық полиция бөлімі аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 304-бабының 1-бөлігімен тергеу жүргізіп жатыр.