Коронавирус: елімізде 10 миллион адамға ресейлік вакцина егілмек

Коронавирус: елімізде 10 миллион адамға ресейлік вакцина егілмек

Коронавирус: елімізде 10 миллион адамға ресейлік вакцина егілмек
ашық дереккөзі
Қазақстанда 10 миллион адамға ресейлік вакцина егу жоспарланып отыр. Министр Алексей Цой атап өткендей, бүгінде ресейлік Sputnik V вакцинасының 2 миллион дозасын алу туралы келісім бар. Вакцина Қарағанды фармацевтикалық зауытының базасында шығарылады. «2 миллион доза кепілдендірілген. Қазіргі уақытта қосымша жабдықтау туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жалпы, 10 миллионға жуық адамға вакцина егуді жоспарлап отырмыз. Бұл халықтың 55%. Біз халықтың осал топтарын анықтадық, олардың көбі адамдармен байланыста, әсіресе науқастармен тікелей байланыста болады. Әзірге бұл категорияға 18-60 жас аралығындағы адамдар кіреді. Қазір зерттеудің соңғы кезеңдері туралы мәліметтер жарияланып жатыр, егер осы жас аралығы кеңейтілсе, вакцина алушылардың санын кеңейте аламыз», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Министр ресейлік вакцина ақпан айының үшінші жартысында тіркелетінін айтты. «Алдағы уақытта вакцина Қазақстанның аймақтарына жеткізіледі және вакцина егуді бастай аламыз. Алдын ала болжам бойынша, қазақстандық вакцина бізге наурыз айында келуі керек, сол кезден бастап біз де егуді кезең-кезеңімен жүзеге асыра бастаймыз», – дейді ол.