Жаңалықтар

Қобдада газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды

ашық дереккөзі

Қобдада газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды

Ақтөбе облысы, Қобда ауданының орталығында үй ішінде тұрған газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін сағат 14:17-де төтенше жағдайлар қызметіне Қобдадағы тұрғын үйде газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама түсті. «Өрт-құтқару бөлімшелері аталған мекенжайға шұғыл аттанды. Үйдің кіреберісінде 5 литрлік газ баллонының жарылғаны анықталды. Салдарынан үйдің бір бөлігі құлады. Жергілікті өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 8 адам, 1 техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 14:40-та сөндірілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Өрт кезінде 34 және 31 жастағы ер адамды күйік шалып, олар ауруханаға жеткізілді. Жағдайы қанағаттанарлық.