Жаңалықтар

Алматы тауларына әйнек көпір салынбақшы

ашық дереккөзі

Алматы тауларына әйнек көпір салынбақшы

Алматы тауларында экстремалдық аттракцион пайда болды, ол келушілерге мол адреналин сыйлайды, - деді  инвестициялық форумның дәлізінде Алтмаы қалалық туризм бақармасының басшысы Тимур Дүйсенғалиев. Оның айтуынша, ерекше көпірдің бюджеті 30 миллион еуроны құрайды. Әкімдіктің есебі бойынша аттракционның құрылысы 2018-2020 жылдары аралығында салынбақ, ал өзін-өзі бес-жеті жылда ақтайды деген жоспар бар екен. Айта кетейік, бұл жобаны инвесторлар қаржыландырады. Мұндай шыны көпірлер Қытайда және Еуропада бар. Келушілер басайналарлық эмоция алады. "Барлық алматылық Шымбұлақ таулы курортының қайда орналасқанын біледі, онда қара шың бар, ол Чкалов шыңы. Біз онда тағы бір бекет салып ерекше аттракцион салмақпыз, - деді Дүйсенғалиев. - Оны Нұрсұлтан шыңына дейін жалғауымыз мүмкін. Осылайша біз туристтук маусымның уақытын созбақпыз. Аттракционның жанында тамақ ішетін жер болады. Жобаның моделі шетелдерде танымалдыққа ие. Бұл жобаға негізінен инвесторлар тобы тартылатын шығар, біз қазіргі кезде "Шымбұлақ" таулы курортының жаңа басшылығымен келісім жүргізіп жатырмыз, олар да осы жобаға қосылуы мүмкін", - деді Дүйсенғалиев. Болашақта таулы жолдардың маршруты дұрысталады. Оның айтуынша, картасы мен мобильді қосымшалар жасалады. Кейбір таулы аймақтарда тастардың құлауынан қорғанатын жерлер салынбақ. "Біз Альп үйшіктерін, лагерьлер салмақпыз. Әр түрлі туристер тобы бар, бірнеше күнге келген туристерге бар жағдайды жасауымыз тиіс. Маршрутты Үшқоңырдан Көлсайға дейін созуға болады, - деді сұхбаттасушы.