Nur Otan-ның бастамасымен жыл сайын 250 кәсіпкерлік жоба қаржыландырылады

Nur Otan-ның бастамасымен жыл сайын 250 кәсіпкерлік жоба қаржыландырылады

Nur Otan-ның бастамасымен жыл сайын 250 кәсіпкерлік жоба қаржыландырылады
ашық дереккөзі

Nur Otan партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, облыс тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруі үшін бар күшін салатын болады. Бұл туралы бүгін Nur Otan партиясынан Жамбыл облыстық, Байзақ аудандық мәслихаты депутатығына кандидаттардың аудан кәсіпкерлерімен өткен кездесуде айтылды.

Кездесу барысында кандидаттар пандемиядан тұралаған кәсіпкерлік саласының аяққа нық тұруына Nur Otan партиясының көрсеткен көмегі сөз болды. – Карантиндік шектеу шаралары аудан кәсіпкерлерінің жұмысына да өз әсерін тигізбей қоймады. Пандемия кезінде өңірде 17,4 мың адам мәжбүрлі демалысқа жіберіліп, оларға 42,5 мың теңгеден әлеуметтік төлемдер төленді. Әлеуметтік осал топқа жататын 6,8 мың адам азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алған. Ал 864 аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 6 жасқа дейінгі 1289 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілген. Елбасы бастамасымен қолға алған Biz Birgemiz акциясы аясында Nur Otan партиясының мүшелері мен волонтерлер 200-ден астам отбасына азық-түлік себеттерін жеткізсе, 2558 адам 50 000 теңгеден алды, – деді кандидат. Сондай-ақ Nur Otan партиясы пандемия салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің қызметін қалпына келтіру үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірге мемлекеттік қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасауға кірісті. Оның алгоритмі де партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына енгізілген. Аталған бағдарламаға сай «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өңірде 250 жобаға жыл сайынғы қаржылай қолдау көрсетілмек. – «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында жыл сайын 20 жоба қаржыландырылып, іске асырылады. Бұған қоса екінші деңгейлі банктердің, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазАгроҚаржы» «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 2,2 мыңнан аса жобаға несие беріледі. Бұл шаралар 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің қолданыстағы субьектілерінің санын 93,3 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 155,1 мың адамға өсетін болады. Дәл осы баянды бастамалардың табысты жүзеге асырылуы үшін сіз бен бізге Nur Otan партиясын қолдауы қажет, – деді партияның сенімді өкілі Бекбол Маймышев. Өз кезегінде кәсіпкерлер де тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес өкілдеріне дағдарыс жағдайында қолдау білдіргені үшін партияға ризашылықтарын білдіріп, оны қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Nur Otan партиясы Жамбыл облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.