Nur Otan: Мәселелер шешілсе, бастамалар қолға алынады

Nur Otan: Мәселелер шешілсе, бастамалар қолға алынады

Nur Otan: Мәселелер шешілсе, бастамалар қолға алынады
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясы елдің жетекші саяси күші ретінде, біздің халқымыздың бірлігі, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының артуының сенімді кепілі. Өткен жылда алғашы рет өз мәресіне жеткен партияішілік іріктеу – праймеризге – Бұланды аудандық мәдениет үйінің басшысы, мәдениет саласының жас әрі талантты маманы, қоғамдық істерден бас тарпайтын азамат, Nur Otan партиясың мүшесі Әлішер Кенжеғалиев қатысып, қазіргі таңда Бұланды аудандық мәслихатқа Nur Otan партиясынан жас буынның атынан үміткер болып отыр. Әлішер Жәнібекұлы «Жас келсе іске» деген ата-бабамыздың даналығын естен шығарған емес. Өзі сияқты жүрегінде еліне, жеріне деген ыстыс сезімі лаулаған, елдің болашағы үшін адал еңбек етіп, аз да болса, маңызды үлесімді қосып, ортақ мүдде үшін аянбаймын деген жастардың саны артып келетіндігіне қуанатыны рас. Биыл әлемді шарпыған пандемия кезіндегі сын сағатта жастардың азаматтық ұстанымы, көмек көрсетуге деген адал ниеті жоғары болғаны көңілге шуақ ұялатады. Елбасымыздың 2020 жылды - Еріктілер жылы деп атағаны да бір жақсылықтың белгісі болса керек. Жастық жалауын көкте самғатып, қайырымдылық шаралардың ортасынан табылған жалынды жастар ел болашағына бей-жай қарамайтынын нақты істерімен дәлелдеп берді. Қоғамдық жүктемесімен бірге жастар өздерін білім, өнер, спорт жағынан жетілдіріп, жан-жақты дамытып келеді. Депутаттыққа үміткердің айтуынша жастардың қолында үлкен мүмкіндіктер бар, ал оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, жүзеге аспайтын жоба, жетпейтін белес қалмас. Бастысы – ортақ мүдде үшін адал еңбек пен азаматтық белсенділікке дайын болу. Бұланды ауданының Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін Nur Otan партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттер қояды: - Бұланды ауданының көрнекті тумалары, дәлірек айтсақ, қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны Балуан Шолақ, кеңес және қазақстандық филолог, филология ғылымдарының докторы, С. Сейфуллин сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Тұрсынбек Кәкішевтің мұрасын насихаттау жөніндегі жобаларды іске асыру; - мемлекеттік тілді танымал ету, қолдану аясын кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру; - қасиетті және маңызды жерлер бойынша өлкетану экспедицияларын өткізуге, ауданның киелі жерлерін абаттандыруға жәрдемдесу; - 2021 жылы Капитоновка ауылындағы Мәдениет үйінің жертөлесін спорттық залға қайта қалпына келтіру. Аталған міндеттерді орындау үшін Әлішер Жәнібекұлы білімін де, жігерін де, ынтасын да аяр емес, өйткені мәдениет – ол халықтың рухани жан азығы, мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, сондықтан мәдени мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – үлкен жауапты іс. Партия жұмысын негізгі жұмысымен қатар алып жүрген Әлішер Кенжеғалиев бүгін азаматтар Nur Otan партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтетінін мойындайды. Өңірімізде және ауданымызда шешімін табуға тиісті мәселелер аз емес, сондықтан әр мәселеге тиісті көңіл бөлу қажет. Сайлаушылармен кездесу барысында жас кандидат Nur Otan партиясы – болашақ дамудың партиясы деген ойды алға тартып, жерлестерін дұрыс таңдау жасауға шақырады. Біздің күшіміз бірлікте! Nur Otan – жастарға демеу жасайтын, елдің игілігі үшін ауқымды жоспарларды белгілеп, болашаққа деген сенімді бағыт ұстаған нақты істер партиясы!
Nur Otan партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.