Еңбек ардагері мүгедектігін рәсімдей алмай жүр

Nur Otan партиясынан қалалық мәслихатқа депутат Исламбек Құлтұманов қаламыздың ең қарт тұрғыны Галина Оноприенконың үйіне барды.

Еңбек ардагері бұған дейін Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында болған екен.

Пошта байланысына еңбегі сіңген ардагер ауыр отадан кейін мүгедек арбаға таңылғанын және мүгедектігін рәсімдеу үшін медициналық тексеруден өтуде бірқатар кедергіге тап болғанын айтып, мұңын шақты.

Партия өз сайлаушыларының мұқ-мұқтажын аяқасты етпейді. Галина Ивановнаның өтініші бақылауға алынды.

Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
Ақысы Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының қаржысынан төленді.
Тапсырыс беруші: Нияз Құдайбергенұлы Макраев

Back to top button