Nur Otan: Адам өмірі мен денсаулығы басты назарда

Nur Otan: Адам өмірі мен денсаулығы басты назарда

Nur Otan: Адам өмірі мен денсаулығы басты назарда
ашық дереккөзі
Жұмахан Молдакулов, Абдурасул Муллахунов, Алишер Манликов, Әсем Қалибек, Ануар Бөкенов «Қазақтелеком» АҚ  ұжымымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында бағдарлама басымдықтары, алдағы мақсат-міндеттер мен жоспарлар жөнінде мәлімет берді. Кандидаттар Nur Otan партиясы Талдықорған қаласы тұрғындарының барлық топтарының мүдделерін ескеру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. -Біздің бағдарламамыз Талдықорған қаласын дамытуға бағытталған. Біз қаламызды өмір сүру үшін қолайлы аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынамыз. Мұндағы әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі, жан-жақты дамуы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқат қоғамын бірге құрамыз. 2020 жыл барлығымыз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирус пандемиясы  біздің өмірімізді, басымдықтарымызды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етіп, біздің мемлекетіміздің басты құндылығы —  адам өмірі мен денсаулығы екенін дәлелдеді. Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан Nur Otan партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, облысымызды, қаламызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салуда»-деп атап өтті . Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты бірқатар  әлеуметтік көмектер көрсетілді.  Мәжбүрлі демалыстағы қызметкерлерге 42 мың 500 теңгеден төленді, халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 32 мыңнан астам адам азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 5011 адамның коммуналдық шығындары өтелді. Сонымен қатар Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясы аясында Nur Otan партиясының мүшелері мен еріктілері 10 мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттерін жеткізіп, 9 912 адам 50 000 теңгеден алды. Тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес дағдарыс жағдайында айтарлықтай қолдауға ие болды.
 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 5-тармағына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы төленді. Тапсырыс беруші: Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында "Nur Otan" партиясы " ҚБ сайлау қоры атынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы.