Бөкей ордасында үміткерлер белсенділік танытуда
Бөкей ордасында үміткерлер белсенділік танытуда
Сайлауға санаулы күндер қалғанына қарамастан Бөкей ордасы аудандық және облыстық мәслихатқа үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жалғасын табуда.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғайса Махимов пен Нұргүл Зайнуллина, Райымбек Құрманғазиевтер аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес қабылдауларын өткізді. Қабылдау барысында ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, түсінік жұмыстарын жүргізіп, 10 қаңтар күні сайлауға қатысып, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
Сонымен бірге Райымбек Құрманғазиев аудандық мәслихатқа үміткерлер Шыңғыс Абдуллин, Жұбан Ғұмаровтармен бірге «Есіктен есікке» шарасы аясында аудан тұрғындарын сайлауға келіп, азаматтық таңдауын жасауға шақырып, олардың ой-пікірлеріне де құлақ түрді. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы турасында түсінік жұмыстарын жүргізді.
Облыстық мәслихатқа үміткер Исатай Ғабдоллин экспромт-кездесу аясында шаруа қожалықтарына барып, ауыл азаматтарын сайлауға қатысып, дұрыс таңдауға шақырса, аудандық мәслихатқа үміткер Екатерина Мөкешева Бисен ауылдық амбулаторияның дәрігерлерімен, «Салтанат» ясли-бөбекжайының ұжымымен кездесіп, елімізде іске асқан жарқын істердің бастаушысы Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
Тапсырыс беруші: Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы.
Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.