Бөкей ордасында үміткерлер белсенділік танытуда

Сайлауға санаулы күндер қалғанына қарамастан Бөкей ордасы аудандық және облыстық мәслихатқа үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жалғасын табуда.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғайса Махимов пен Нұргүл Зайнуллина, Райымбек Құрманғазиевтер аудандық сайлауалды штабының  қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес қабылдауларын өткізді. Қабылдау барысында ауыл тұрғындарының  сұрақтарына жауап беріп, түсінік жұмыстарын жүргізіп, 10 қаңтар күні сайлауға қатысып, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Сонымен бірге Райымбек Құрманғазиев аудандық мәслихатқа үміткерлер Шыңғыс Абдуллин, Жұбан  Ғұмаровтармен бірге «Есіктен есікке» шарасы аясында аудан тұрғындарын сайлауға келіп, азаматтық таңдауын жасауға шақырып, олардың ой-пікірлеріне де құлақ түрді. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы турасында  түсінік жұмыстарын жүргізді.

umit 2

Аудандық мәслихатқа тағы бір үміткер Исатай Құрмашев партияның жеті басым бағытының бірі жастар саясатына арналғанын айтып, ауылдық округтердің белсенді жастарын сайлауалды бағдарламамен, «Жастар – Отанға» бағдарламасының міндеттерімен таныстырды. Жастарды жұмысқа орналастыру, баспанамен қамтамасыз ету, оқу, ғылым жолындағы жастардың стипендиясын өсіру сияқты межелі міндеттер қойылғанын айтты.

umit 3

Облыстық мәслихатқа үміткер Исатай Ғабдоллин экспромт-кездесу аясында шаруа қожалықтарына барып, ауыл азаматтарын сайлауға қатысып, дұрыс таңдауға шақырса, аудандық мәслихатқа үміткер Екатерина Мөкешева  Бисен ауылдық амбулаторияның дәрігерлерімен, «Салтанат» ясли-бөбекжайының ұжымымен кездесіп, елімізде іске асқан жарқын істердің бастаушысы Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Тапсырыс беруші: Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы.

Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

 

Back to top button