Көкшетаудағы көпқабатты үйдегі жарылыс: тағы бір жасөспірім қайтыс болды

Көкшетаудағы көпқабатты үйдегі жарылыс: тағы бір жасөспірім қайтыс болды

Көкшетаудағы көпқабатты үйдегі жарылыс: тағы бір жасөспірім қайтыс болды
ашық дереккөзі
Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйде болған жойқын жарылыстан зардап шеккен тағы бір жасөспірім қыз қайтыс болды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. Телеарнаның мәлімдеуінше, ол екі апта бойы ауруханада ауыр халде жатқан. Естеріңізге сала кетейік, Көкшетауда 20 желтоқсан күні көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, нәтижесінде бір үйде тұратын сегіз адам зардап шекті. Оның алтауы – балалар. Алты баланың үшеуі жан сақтау бөліміне, ал қалғаны хирургия бөліміне жатқызылған болатын. 2020 жылғы 27 желтоқсанда оқиға салдарынан денесінің 50 пайызы күйіп қалған он алты жастағы қыз бала қайтыс болды.